2022-2023 оқу жылының ІІ оқу тоқсанында №119 орта мектепте жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша «Сабақты зерттеу» циклы басталды. «Сабақты зерттеу» тәсілін жүргізу үшін 7-сынып таңдалып, оқушылардан MALS сауалнамасы алынды. Сауалнама нәтижесінде «А», «В», «С» деңгейіндегі оқушылар анықталды.
Жоспарға сәйкес, география сабағынан тізбектелген сабақтардың қысқа мерзімді жоспарын пән бірлестігіндегі мұғалімдер жасап, география пәнінің алғашқы сабағы өткізілді. Сабақтан соң үйлестіруші мен бақылаушы педагогтардың сабақтың тиімді шыққан тұстары мен жетілдіру қажет тұстарын талқылап, келесі сабақтарда бақылаудағы оқушыларға бағытталған нақты іс-әрекет қажет екендігін байқады
https://mektep119-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/99-saba-ty-zertteu.html#sigFreeId90911463b5






