2023 жылдың қаңтар айында №119 орта мектептің 1-сыныбында білім алушыларға кәсіби бағдар берудің жылдық жоспарына сәйкес «Мамандықтар әлемі»  тақырыбында ертегі желісінде құрылған қызықты шара болып өтті. Шара барысында «Күлше» ертегісі желісінде күлшені әр түрлі аңдардан құтқару үшін оқушыларға жұмбақтарды шешу мен мақалдар айту, түрлі рөлдерде ойнау жұмыстары тапсырылды. Жеңімпаздарға тәттілер беріліп отырды. Оқушылар белсенді қатысты.