2023 жылдың 20-ақпанында №119 орта мектептің 4-сыныбында білім алушыларды ерте жастан кәсіпке бағдарлау мақсатында жылдық жоспарға сәйкес «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатын сынып жетекші  Илиясова Балнұр жоғары деңгейде өткізді. Оқушылар әр түрлі маман иелері ретінде образдарды сомдап, өздерін белгілі бір мамандық иесі ретінде сезініп көрді. Оқушылар тәрбие сағатына қызығушылықпен қатысты. Кері байланыс ретінде оқушылар шараның қызықты өткенін айтты.