2023 жылдың қаңтар айының 19-жұлдызында №119 орта мектептің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағыт беру мақсатында 2022-2023 оқу жылына арнлаған Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов Алматы академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды және ҚР ІІМ Қостанай академиясына үміткерлерді іріктеу туралы Жалағаш АПб-нің кадр саясаты тобының инспекторы полиция капитаны С. Калменова және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 2-курс курсанты Каналхан Аманбай 9-11 сынып оқушыларын «Сотқа дейінгі тергеу» және «Жедел криминистикалық қызметі» жедел уәкіл және учаскелік полиция инспекторы мамандықтарына оқуға шақырды. «Оқуға үміткерді іріктеу және түсу жалпы орта, бастапқы кәсіби білімі бар, жасы он алтыға толған денсаулық жағдайы бойынша істер органдарындағы қызметке және оқуға жарамды болып табылған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан жүзеге асырылады. Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысатын жалпы білім беретін мектеп оқушыларына Құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік пәндер ретінде» - Дүниежүзі тарихы + Адам. Қоғам.Құқық пәндерін бекітілген.
ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орнына оқуға түсуге конкурсқа қатысу үшін талапкерлер Ұлттық біріңғай тестілеуден немесе кешенді тестілеуден кем дегенде 50 балл, оның ішінде әрбір бейіндік пәннен кем дегенде 5 балл жинау керек.
Оқу иерзімі әскери қызметке теңестіріледі және ішкі істер органдарындағы қызмет өтіліне кіреді. Оқу мерзімі 4 жыл.
Оқу мерзімі барысында оқу орнының курсанттары казармалық жаңдайда болады. Сонымен қатар киім кешек және тамақтанумен қамтамасыз етіледі және шәкіртақы алады. Осының бәрі ішкі істер министрлігінің қаражаты есебінен тегін жүзеге асырылады. Академияда білім алу – бұл сапалы білім және кепілдендірілген жұмыспен қамту.
https://mektep119-edu.testim.kz/kz/zhanaly-tar/103-2023-zhyldy-a-tar-ajyny-19-zh-ldyzynda-119-orta-mektepti-9-11-synyp-o-ushylaryna-k-sibi-ba-yt-beru-ma-satynda-2022-2023-o-u-zhylyna-arnla-an-aza-stan-respublikasy-iim-m-esbolatov-almaty-akademiyasy.html#sigFreeId2df17cfc3d






