№119 орта мектепте қыркүйек айында білім алушыларға кәсіби бағдар беру бағыты бойынша 1-сынып оқушылары арасында «Мен, өскенде кім боламын?» тақырыбында сурет салу шарасы болып өтті. Оқушылар өздері қызығатын мамандықтар туралы айтып беріп, суретін ақ параққа салып шықты. Шараны сынып жетекші Айгүл Дүйсенбаева өткізді.