2023 жылдың 11-қыркүйегінде №119 орта мектептің 10-сыныбында «Мамандық салаларымен танысу» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар «Мен кіммін? Қандаймын?» сұрағы бойынша өздерінің қабілет-қарымдарын анықтау мақсатында өздеріне 20 түрлі сипаттама берді.  

Одан бөлек, «Қуаныш дегеніміз не?» деген сұраққа әр оқушы өз пікірлерін толтырды.

Осы жаттығулардан соң оқушыларға мамандыққа бейімділіктерін анықтау мақсатында сауалнама үлестірілді.