№119 орта мектеп бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында жүргізілген Жалағаш аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» қызметкерлерімен «Нарықта қажетті мамандықтар» тақырыбындағы  кездесу

2023 жылдың 14-сәуірінде «Жалағаш аудандық жұмыспен қамту орталығының» қызметкерлері мен №119 орта мектептің 9-11 сынып оқушылары арасында онлайн форматта ЗУМ платформасы арқылы кездесу өткізілді. Кездесу барысында мекеме қызметкері Жақсыбаев Ерлан Еркінұлы қазіргі таңдағы нарықта қажетті мамандықтар түрлерін таныстырып, аудан көлемінде кәсіби-техникалық, педагогикалық, медициналық, т.б. мамандықтарға сұраныс бар екенін жариялап өтті. Сонымен қатар https://www.enbek.kz/kk/zaniatost/czn-contacts/33/33002/show  сайты арқылы аудан көлемінде қандай жұмыс орындарына сұраныс бар екендігін, сол жұмыс орнына қойлатын талаптардың ақпараттандырылып тұратыны жөнінде оқушыларды таныстырып өтті.

Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылына 88 214 грант бөлін­ді: бакалавриатқа – 73 061, магистратураға – 13 263, докторантураға – 1 890 орын. Бұлар­дың 60%-ы, яғни 42 303 грант техникалық мамандықтарға берілген. 10 мың грант батыс өңірдегі (Атырау және Маңғыстау облыстары) жас­тар мен тығыз қоныстанған аймақтарға берілген. Ал «Серпін» бағдарламасына 3 653 грант бөлінгендігі туралы қысқаша ақпарат беріп өтті.

Кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

Мектеп директорының бейінді оқу

ісі жөніндегі орынбасары   А.Рахметов