2023 жылдың 27-сәуірінде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің» рекрутинг орталығы Қ.Қазантаев атындағы Жалағаш аудандық Мәдениет үйінде мектеп бітіруші түлектермен және №246 мектеп базасында түлектердің ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандық таңдаудағы тиімді әдістерді, университеттің мүмкіндіктерін, шығармашылық емтихандардың ерекшеліктерін, студенттерге жасалатын жағдайлар, ұйымдастырылып жатқан түрлі шаралар мен үйірме жұмыстарын таныстырып өтті. Шара барысында түлектер белсенді болды. №119 орта мектеп түлектері кездесудің өте пайдалы болғандығы туралы кері байланыс берді.