2022 жылдың желтоқсан айында №119 орта мектептің 10-сынып оқушыларына «Келешекте дамитын жаңа кәсіптер» тақырыбында кәсіби бағыт беру жұмыстары болып өтті. Бұл шарада болашақта пайда болатын және жойылу қаупі бар мамандықтар туралы оқушыларға таныстырылым жасалып, арнайы https://www.enbek.kz/atlas/kk сайты арқылы оқушылар мамандықтар туралы суреттер арқылы өз бейімділіктерін анықтап өтті. Сонымен қатар болашақта әрбір мамандықтарға сұраныс білдіретін жұмыс орындарымен танысып шықты.







