Бекітемін

Мұғалімнің аты-жөні:

Найманова Гүлхан Қожабекқызы

Пән/Сынып:

Дүниетану  2-сынып 

Қай аптаның нешінші сабағы

4 апта   13-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Менің туған өлкем

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан – менің Отаным

Оқу мақсаты:

-          Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, тауларды, өз облысыңды немесе қалаңды табуды;

-          Өз өлкеңнің көрікті жерлерін сипаттау және бейнелеуді үйренесің;

-          Отан деген ұғымның мағынасын түсінесің.

Бағалау критерийі:

1. Қазақстанның өзен – көлдері, таулары, қалалары жайында сипаттама береді

2. Картадан Каспий теңізін, Алтай тауын таба алады

3. Отан туралы түсінік бере алады.

 

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

 

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

 

 

Ұйымдастыру

-          Сәлеметсіңдерме, балалар!

Амансыңба, алтын күн!

Амансыңба, көк аспан!

Амансыңба, жер ана!

Амансыңба, достарым!

Сендерді көріп қуанамын. – деп оқушылар амандасады.

 Дүниетану  сабағын  бастаймыз. Бүгінгі біздің бастағалы отырған бөліміміз  Менің туған өлкем   деп аталады.

-Бүгінгі сабағымыздың  мақсаты

Сен

-картадан өз еліңді, өз аймағыңды тауып, оның өзендері мен көлдерін, қалаларын көрсетуді үйренесің;

-өз жеріңнің көрікті орындарын сипаттауды білесің

 

 

Презентация № 1бет

 

 

-Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Қаласы бар, елi жоқ,

Даласы бар, шөбi жоқ.

Мұхиты бар, суы жоқ,

Орманы бар, нуы жоқ.

Шыңдары да теп - тегiс,

Кең жазықтан әр түстi,

Шығыс пенен батысты –

Бар әлемдi табасың,

Өзiң таң боп қаласың!   (Карта)

-Дұрыс айтасыңдар, бұл, Қазақстанның картасы.

 

 

- Балалар, бұл картадағы көк, сары, жасыл, қоңыр түстер нені білдіреді деп ойлайсыңдар?

Картадағы көк түстер өзен – көлдерді, қоңыр түс -  тауларды, жасыл – ойпатты жазықтар, сары – жазықты жерлерді бейнелейді.

-Картаға көз жүгірте қарасақ батысында Каспий теңізі, шығысында биік Алтай тауы жатыр.

-Балалар, тақтадағы суреттердің бастапқы әріптерінен сөз құрайықшы. «Отан» деген сөз құралды.

-«Отан» деген не? Бұл сұрақтың жауабын ақын Садықбек Хангелдин ағамыздың «Бәрі – менің өмірім, сен сыйлаған» -деп аталатын өлеңінен іздеп көрейік.

-Ақын Садықбек Хангелдин өз Отаны туралы мынадай өлең жолдарын арнады.

 

Бәрі – менің өмірім, сен сыйлаған

Табиғат,

Тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен – күнсің көтерілген

күліп қырдан.

Сен –көлсің,

Сен – ормансың,

Сен – бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа

құнықтырған.

 

Сен – жарықсың,

Сен – жерсің,

Сен – гүлсің,

Сен – адамсың,

Сен – ауасың,

Сен – анамсың,

Бәрі – менің өмірім

Сен сыйлаған,

Туған жерім –

Отаным – Қазақстан.

-Өлеңде ақын С.Хангелдин нені жырларды?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар, ақын туған жеріміздің табиғатын, өз Отанымыз Қазақстан жайында жырлады.

-Сендердің картада көріп тұрғандарың біздің Қазақстан Республикамыз, яғни Отанымыз.

-Мына суреттерге назар аударайық

Қазақстанда көрікті, тарихи қалалар өте көп.Ежелгі қалаларға: Түркістан, Тараз, Алматы жатады. Бұл біздің Отанымыздың тарихы тереңде жатқанын білдіреді. Біздің әсем қала Нұр-Сұлтан- еліміздің бас қаласы. Еліміздің қалалары бір –бірімен теміржол  арқылы байланысады. Орал қаласынан Алматыға дейін темір жол арқылы барса,екі күндік жол болады. Бұл біздің Отанымыздың аумағы үлкен екенін көрсетеді.

Жаңа тақырыпты меңгеру

Отан, Қазақстан картасы

туралы ақпаратты  түсінеді

 

Презентация № 2бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация № 3бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма: Берілген  ұғымдардың анықтамасын сәйкестендіреді

 

Көк түс

тау

Сары түс

жазық

Қоңыр түс

Өзен - көл

 

2-тапсырма: Ежелгі қалаларды және өзі тұратын аймақты картадан табады

 

 

 

 

 

 

Картадағы түстердің қандай ұғымды білдіретінін анықтайды

 

 

 

 

 

Картадан әр қаланы табады және оның қай бағытта орналасқанын анықтайды

Дескриптор:

Білім алушы

-түс пен ұғымды сәкестендірді

 

 

 

 

 

Дескриптор:

Білім алушы

-          Қалаларды тапты

-          Орналасқан бағытын анықтады

 

 

 

 

Бекіту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

Жеке тапсырма ұсыну

Туған жер,Отан туралы әңгіме жазу

 

Осымен сабағымызды қорытындылап бүгінгі сабақтан  қандай нәтижеге жеткенімізді бағалап кетейік. Ол үшін әр сөйлем бойынша өзіңізге + , - таңбалары арқылы баға беріңіз:
1.«Отан» деген сөздің мағынасын түсіндім
2.Картадан өз аймағымды және тау, өзен – көлдерді таба аламын
3.Тарихи қалалардың  атауын және шығу тарихын білдім .
 

 Өлеңді жаттау.Отан, туған жер туралы мақалдар жаттау.

 

 

 

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Дескриптор

 Білім алушы

Картадан  аймақтарды, тау, өзен - көлдерді    анықтайды

 Берілген сөйлемге + - таңбаларын қою

 

 

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз